Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2021 жылы 449,4 мың көпбалалы отбасыға 287,6 миллиард теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді. Соның ішінде желтоқсанда 25,9 миллиард теңгенің жәрдемақысын 481,6 мың отбасы алды.
4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан аталған мемлекеттік жәрдемақыны ала алады.
Төлем бала санына байланысты сараланып төленеді және 2022 жылы 4 балаға 49100 теңге, 5 балаға 61 383 теңге, 6 балаға 73 666 теңге, 7 балаға 85 948 теңге, 8 балаға 98 016 теңге, 9 балаға 110 268 теңге, 10 балаға 122 520 теңге, 11 балаға 134 772 теңге, 12 балаға 147 024 теңге, 13 балаға 159 276 теңге, 14 балаға 171 528 теңге, 15 балаға 183 780 теңге, 16 балаға 196 032 теңге немесе әр балаға 12 252 теңгеден беріледі.
Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілді.
Тағы көру