Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Коронавирустан қорғайтын вакцина жасап шығару үшін Британиядағы Оксфорд университеті мен AstraZeneca фармацевтикалық компаниясы келісімге қол қойғаны белгілі. Бүгінде Independent вакцинаның алғашқы кезеңі сәтті аяқталғанын хабарлады.
Зерттеу нәтижесі бойынша, вакцина қосымша ауру туғызбаған. Қатысқан еріктілердің 96 пайызынан астамының ағзасында антиденелер пайда болып, 85 пайызында вирусты бейтараптандыратын антиденелер қалыптасқан. Яғни, инъекцияның арқасында COVID-19-бен күресетін лейкоциттер мен антиденелер пайда болған.
Десе де, вакцина әлі коронавирустан толық қорғай алмайды. Ғалымдар бұдан да үлкен зерттеулер арқылы вакцинаны жетілдіру үстінде.
Сынаққа жиыны 1077 адам қатысты және талдау нәтижесі медицинаға арналған The Lancet журналында жарияланды.
Фармацевтикалық компания екі миллиард доза вакцина өндірісін мойнына алғанын атап өту керек. Ал Ұлыбритания вакцинаның 100 миллион дозасына тапсырыс беріп үлгерді.
Тағы көру