Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кредит қайтаруға жағдай келмесе, не істеу керек - заңға өзгеріс енгізілді
Жаңалықтар

Кредит қайтаруға жағдай келмесе, не істеу керек - заңға өзгеріс енгізілді

21.10.2021
1 мин
74
25809

Қазақстанда 1 қазаннан бастап проблемалық кредиттерді реттеудің бірыңғай тәртібі енгізілді. Енді банк те, микроқаржы ұйымы да бірден коллекторларға жүгінбейді. Олар қарыз мәселесін алдымен борышкермен өзара шешуге міндетті.

Осы орайда заңға нақты ереже енгізіліп отыр. Sputnik Қазақстан проблемалық кредитті заң аясында реттеудің бірыңғай тәртібін ұсынады.

Банк пен борышкердің міндеті

Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғалар кредитті төлей алмаса, тікелей банкпен немесе микроқаржы ұйымымен мерзімі өтіп кеткен берешек мәселесін шешуге құқылы. Бірақ әрбір тарап өзіне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындауға тиіс.

Біріншіден, кредит алған адамның мерзімі өтіп кеткен берешегі болса, банк болсын, микроқаржы ұйымы болсын, сол сәттен бастап 20 күннің ішінде оған хабарласып, төлем мерзімін өткізіп алғаны туралы ескертуге міндетті. Қызметкерлер берешек жайында айтып қана қоймай, мерзімі өтіп кеткен төлемнің нақты мөлшерін көрсетуге тиіс.

Қарызды төлемегені үшін қандай жауапкершілік болатыны ескертіледі. Сосын проблемалық кредит мәселесін шешу үшін банкке немесе микроқаржы ұйымына шақырады.

Екіншіден, кредит алған адам өз кезегінде берешектің мерзімі өткен күннен бастап 30 күннің ішінде кредиттік ұйымға қарызды қайта құрылымдау туралы жазбаша өтініш тапсырады. Онда нақты бірнеше мәселені көрсету керек.

Олар:

  • қарыз мерзімін өткізіп алудың себебі;
  • қарызды қайта құрылымдауға қатысты өз ұсыныстары;
  • кірістердің төмендегенін және өз міндеттемелері бойынша төлем жасаудың мүмкін еместігін көрсету (өтінішпен қоса тиісті құжаттар беріледі).

Үшіншіден, қарыз алушының өтініші міндетті түрде қабылдануы шарт. Оны тіркеуге алып, банк немесе микроқаржы ұйымның қарауына шығарады. Өтініште толық мәлімет болмаса, кредит алған адамға хабар беріледі. Ол бес күннің ішінде қосымша мәлімет пен құжатты ұсынады.

Өтінішті қарау тәртібі

Кредитор қарыз алушыдан құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін өтінішті қарайды. Оның мәселесін қарау кезінде ағымдағы қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттілігі, әлеуметтік жағдайы, кепілге алынған баспананың жалғыз болуы, қарыз бойынша міндеттемелерді адал орындау сияқты факторлар ескеріледі.

Кредит берген мекеме өзінің жауабын күнтізбелік 15 күннің ішінде беруге тиіс. Жауаптың үш нұсқасы бар.

Олар:

  • кредитор қарыз алушы ұсынған банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарына өзгерістерді енгізуге келісім береді;
  • кредитор банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарын өзгертуге қатысты өз ұсыныстарын жасайды;
  • кредитор қарызды қайта құрылымдаудан бас тартуға шешім қабылдайды (жауапта нақты себептері көрсетілуі шарт).

Қарызды қайта құрылымдау қалай жасалады?

Қарызды қайта құрылымдауды бірнеше жолмен жасауға болады. Соны өтініште көрсетуге болады. Банк мен микроқаржы ұйымы да осы әдістердің біреуін ұсына алады.

  • сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
  • төлемді кейінге қалдыру;
  • өтеу әдісін өзгерту;
  • қарыз мерзімін ұлғайту;
  • борыш жүктемесін азайту (мерзімі өткен негізгі борыш, сыйақы, айыпақы және төлемдер мен комиссиялардың өзге де түрлері);
  • ипотекаға алынған жылжымайтын мүлікті өздігімен сату немесе кепіл мүлкін кредиторға беру;
  • жылжымайтын мүлікті сатқанда барлық міндеттемені сатып алушыға тапсыру.

Банктің тиісті шешімі шыққаннан бастап күнтізбелік 15 күннің ішінде келісімшартқа өзгеріс енгізіледі.

Екі жақ бір келісімге келмесе...

Қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы. Арызда банкпен немесе микроқаржы ұйымымен бір шешімге келмеудің нақты себептерін көрсету керек.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өз кезегінде өтініштің негізінде кредиторға қатысты құжаттамалық тексеру жүргізеді. Сол кезде банктің немесе микроқаржы ұйымы қабылдаған шешіміне баға беріледі.

Тексеріс кезінде кредитор халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлердің кепілге салынған мүлкін өндіріп алу рәсімін бастай алмайды.

Кредит алғанда нені ескеру керек

Мамандар кредит алғанда маңызды бірнеше мәселені ескеру кеңес беріп отыр:

  • кредит алған адамның ай сайынғы төлемі табыстың жартысынан аспауға тиіс;
  • келісімшартқа қол қойғанға дейін мұқият оқып шығу қажет;
  • қарыздың мерзіміне, сыйақы мөлшерлемесіне (тұрақты немесе құбылмалы), жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне, ай сайынғы төлемнің мөлшеріне, сондай-ақ, кредитті төлей алмаған жағдайда қандай міндеттер болатынына бас назар аудару керек;
  • келісімшартта банктің есепшотына түсетін ақшаны өндіріп алу, қарызды коллекторлық агенттікке беру және сотқа жүгіну құқықтары да жазылуы мүмкін.

"Артынан проблема болмас үшін кредит мен микредиттерді рәсімдеуге өте мұқият қараған жөн, бұл ақылға салынған шешім болуға тиіс. Қарызға ақша алатын адам маңызды бір мәселені түсінуі керек. Кредит – ол жауапкершілік. Кез келген кредитті қайтаруға тура келеді", - дейді мамандар.

 

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8424 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
74 Пікір
О
Оразалы 22.08.2024
Менін қарыздарын сот орындаушыға өтіп кеткен қайта құрылымдарға болама біржерге жинақтап қойсам деймін
Жауап беру
О
Оразалы 22.08.2024
Менін қарыздарын сот орындаушыға өтіп кеткен қайта құрылымдарға болама біржерге жинақтап қойсам деймін
Жауап беру
Қ
Қыран 13.01.2024
Кредитты кредитбен жабамыз зарплата мүлдем жетбейды бәрі қымбат несиены несиемен жабамыз азық түлік каспи редбен алып отырмыз
Жауап беру
Қ
ҚЫРАН 13.01.2024
Кредитты кредитбен жабамыз зарплата мүлдем жетбейды бәрі қымбат несиены несиемен жабамыз азық түлік каспи редбен алып отырмыз
Жауап беру
Қ
ҚЫРАН 13.01.2024
Кредитты кредитбен жабамыз зарплата мүлдем жетбейды бәрі қымбат несиены несиемен жабамыз азық түлік каспи редбен алып отырмыз
Жауап беру
А
Айдос 29.01.2023
Кредитімді төлей алмай отрмын жағдайым болмай жатыр ешкандай
Жауап беру
А
Алишер 24.01.2023
Микро кридит жабу үшін алып едім толей алмай қалдым денсаулыққа байланысты
Жауап беру
А
Алишер 24.01.2023
Микро кридит жабу үшін алып едім толей алмай қалдым денсаулыққа байланысты
Жауап беру
Г
Гулжан 20.12.2022
Саламатсыздарма? Кредитимди толей алмай жатырмын катты киналдым не истеримди билмеймин телефонга жауап беруге коркам телефон котермеймин 150000комек тесетин жомарт жандар барма
Жауап беру
Т
Талғат 13.12.2022
Кезінде кредит алып едім енді денсаулығыма байланысты төлей алмай жүрмін кішкене тоқтата тұруға болар ма екен мен ешкімге жауып бер деп отырғаным жоқ тоқтата тұрса болды 4 айға
Жауап беру
Қ
Қалыбек 15.11.2022
Менде мүміндік жоқ төлейтін жауып берсе Я кімге кабарласыуга болады Телефон номірі болса Айелі атында кредит бар 2300000 дей бар Өзі мемілекетік те оқйды соган көмек керек Өзімде үйде жоқ қангып жұрмін үй жалдап.
Жауап беру
Т
Турарбек 09.11.2022
Ассалаумағалейкум кредит және жылдам ақша алып едім төлей алмай жүрмің күнде уайым болды. Бір көмек беріп жіберсеңіздер. Мені банкрот деп санауға болады. Жұмыс жоқ. Үкімет тең көмек сұраймын. Кредитим 2милен бар Жылдам ақша да сондай Жауап беру
Жауап беру
Т
Турарбек 09.11.2022
Ассалаумағалейкум кредит және жылдам ақша алып едім төлей алмай жүрмің күнде уайым болды. Бір көмек беріп жіберсеңіздер. Мені банкрот деп санауға болады. Жұмыс жоқ. Үкімет тең көмек сұраймын. Кредитим 2милен бар Жылдам ақша да сондай Жауап беру
Жауап беру
А
АЙМАН 28.11.2022
МЕН КОМЕКТЕСЕМИН
Жауап беру
А
Абай 29.10.2022
Ассалаумағалейкум кредит және жылдам ақша алып едім төлей алмай жүрмің күнде уайым болды. Бір көмек беріп жіберсеңіздер. Мені банкрот деп санауға болады. Жұмыс жоқ. Үкімет тең көмек сұраймын. Кредитим 300мың. Жылдам ақша да сондай 300мың
Жауап беру
А
Айгуль 05.08.2022
Кредит төле алмаи жүрм .қатты қиналып біттім .не істеуге болады .өзім жұмыс істемим..Алла раз болсын .бір көмек болса екен
Жауап беру
К
Кулбиби 25.07.2022
Кредиттер кыйнап барады не истесеуим билмей отырмын 6миллион тенге каражат керек жабуга толей алмай отырмын Алла разылыгы ушин комек берингиздерши
Жауап беру
К
Кулбиби 25.07.2022
Кредиттер кыйнап барады не истесеуим билмей отырмын 6миллион тенге каражат керек жабуга толей алмай отырмын Алла разылыгы ушин комек берингиздерши
Жауап беру
Р
Рахат 23.06.2022
Кридитти 3 айга токтатса екен
Жауап беру
Т
Таңшолпан 18.02.2022
Екі ұлдын баласым жалғыз басты анам жұмысым жоқ кредит төлей алмай отырм
Жауап беру
І
Інжу 08.02.2022
Кредиттен тұншығып барамын
Жауап беру
Қ
Құралай 27.10.2021
Кредитті халыққа ыңғайлы етіп неге бермейді сонда мерзімі өтіп кеткен кредит деген болмайды
Жауап беру
А
Аманкул 26.10.2021
Төлей алмай қиналып жүрмін.
Жауап беру
Ж
Жанылсын 26.10.2021
Г.Карасайдын сабагын карасаныз тез толейсиз
Жауап беру
С
Сандугаш 24.10.2021
Кредит тез арада жауып, кашан үйлі болады екенмін
Жауап беру
У
Улдар 23.10.2021
Менде микрокредит 2019 жылы алдым,толей алмадым,жұмысыма хат жіберіп, бастықтың мазасын алгансон мені жұмыстан шығарып жіберді.Басқа жұмысқа кірсе де сол жағдай, енді жұмыстағылармен келісіп озім толеймін деп микрокредитке график курып беріңізші десем, оган да конбей жатыр
Жауап беру
А
Ақбөпе 23.10.2021
Гулмира Қарасайдың сабағына қатысыңыз
Жауап беру
Г
Гулниса 22.10.2021
менде жагдайым болмай Толей алмай отырмын бырнеше несием бар,неыстеуыме болады? Калай отыныш жазып кайдан бастасам болады?
Жауап беру
Ғ
Ғалия 22.10.2021
Саламатсыз ба? Менің бірнеше микрокредитім бар, төлем уақыты өтіп кетті, қалай реттеуге болады.
Жауап беру
M
Mereke 22.10.2021
Жүмыстары жүргенде төлеп жүрдим бопелерим босана м деп төлей алмай жүрмін.2018де алдым
Жауап беру
А
Алма 22.10.2021
3-4 ай жеңілдік алуға бола ма?
Жауап беру
П
Патима 22.10.2021
Несие алған адам өмірден өтсе баласы сыйақысыз негізгң соманы құйса бола ма
Жауап беру
П
Патима 22.10.2021
Ө
Жауап беру
А
Аслан 22.10.2021
Сот аркылы толеп отырмын уакытша екы аига токтатуга болама толемді?
Жауап беру
ж
жанат 22.10.2021
калаи жабамыз
Жауап беру
Е
Есенкул 22.10.2021
Емделуге алдым амалсыз дарілер өте кымбат
Жауап беру
А
Айгүл 22.10.2021
Үй алу үшін кредит алдым,және уақытылы төлеп отырмын
Жауап беру
А
Акжамал 22.10.2021
Микро каржы ұйымынан алғам Карыз бір жылдан асып кетті мен микро ұйымнан ұзартуға сұрасамболама
Жауап беру
Л
Ляззат 22.10.2021
Менің басымда 2 кредит бар оны жабайын десем декретте отырмын бір жылын жаптым бір жылы қалды қалай төлейтінімді білмей отырмын.Баламның ақшасы өзімен кетеді...кейінге шегеруге болады ма ? Жарты жылға?
Жауап беру
Қ
Қуандық 22.10.2021
Менде кредит алғамын. Енді жағдаиым келмеи жаттыр осыған қалаи көмек болады
Жауап беру
Қ
Қуандық 22.10.2021
Менде кредит алғамын. Енді жағдаиым келмеи жаттыр осыған қалаи көмек болады
Жауап беру
Д
Дана 22.10.2021
Проценттері мен сыйақыны төмендетсе
Жауап беру
А
Асхат 22.10.2021
Зайым алып ем онтогыз мың қылып калдырып ем ка жиырма алты мыңға осип кетти бир ай жеткен жоқ
Жауап беру
А
Асем 22.10.2021
Менде кредитке кіріп кеттім төлеи алмай отырм көп балалымын
Жауап беру
Ж
Жадыра 22.10.2021
2016ж үйді залогқа қойып, менің атыма кредит алған. Енем қосалқы қарыз алушы. Енді мен көпбалалы анамын. Квартира жалдап тұрамын. Енем пенсионер сол үйде тұрады. Қандай жеңілдік бар? Оңтайлы қандай жолы бар екен? Үй саман там. 10жылға алған 26% пен. Әлі 5жылы бар.
Жауап беру
У
Улжан 22.10.2021
Жумыстарынызга сәттілік
Жауап беру
Қ
Қарлығаш 22.10.2021
Кредитке кіріп кеттік не істесек болады
Жауап беру
Н
Нурбол 21.10.2021
Айлыктан 50%алиментке калган 50%дан үш суд Исп төлеп отырмын бул каншалыкты заңды заңсыз?
Жауап беру
П
Прназаров 21.10.2021
Жауып берсиниздер бир озим жумыс жасаймын айлыктын тең жартысынан көбі кетеди
Жауап беру
А
Айнұр 21.10.2021
Анам өмірден өтті, артында "Халық банктен" алынған кредиті бар. Осы мәселені оңтайлы қалай шешуге болады?
Жауап беру
Г
Гулнар 21.10.2021
Мен турмыска керек техника электроника товары ушин акшалай несибе алганмын пенсия акшам жетпейд и ишип жеуге кандай кенес болады
Жауап беру
Ш
Шынгыс 21.10.2021
Ассалаумағалайкум алейкум кредитти алған себебіміз мемлекетке мұса лат болгымыз келмеди озимиз жер алып үй салдык үкіметке мойын созбайын деп сол себепті алдық
Жауап беру
А
Асель 21.10.2021
Банк алдында немесе микрокредиттік ұйымның алдындағы қарызды толық өтеген соң Бес жыл кредиттік тарихты сақтамай, Бір жыл ішінде жаңартса екен.....
Жауап беру
А
Ажар 21.10.2021
Онсызда солай болдығой заң шықты емес пе?бір жылдан соң реабилтирован деген статус аласыз,яғни чёрный деген жоқ. Егер толық төлесеңіз
Жауап беру
Н
Нурлан 21.10.2021
Мумкин болса кредит алманыздар
Жауап беру
А
Айсауле 21.10.2021
Мен 2017жылы несие алдым.Жеке кәсіпкер бола тұра,жеке тұлға ретінде рәсімделіп кеткен несием.Сол уақыттан бері төлеп келдім.Мен 2018-2019жылы мейрамхана бизнесімді енді баствғанмын.Пандемия басталғанда,жұмыс көлемі болмады,мейрамхана жабылды,жаңадан ашқан мен сияқты кәсіпкерлерге оңай болмады,банкрот болдық,өйткені артымызда жинақта жоқ,бар тапқанымызды несиеге төлеп отырдық,несиені еріккеннен алмадық,жетпегесін алдық,әрине борыш болғаннан кейін төлеу міндет екенінде білеміз.Бірақ бұндай жағдай болып,жұмыс тоқтап қалады деп ойламадық.Себепсіз төлемей отырғаным жоқ,қатты уайым болып кетті,денсаулығымызда уайымнан сыр беріп жатыр.Банкпен тығыз байланыста журміз.Отсрочка алып келдік,ол отсрочкадан да пайда жоққой,төлейтін ай сайынғы ақша жиналып қалды,оны төлеу мүмкін емес.Енді аяққа тұрып төлеу ушін2-3жыл уакыт керек.Қазир мейрамхана бизнесіде бұрынғыдай емес,тұралап қалды,Халық тойды,басқада жиындарды уйде жасауға көшіп жатыр.Енді несием просрочный болып жатыр.Сатуға да шығарып қойдым,залогтағы мүлік сатылса,несиемді жабар едім,қырсыққанда олда өтпей жатыр.Барлық жарнаманыда жасап отырмын,сатайын борышымды төлейіндеп,бірақ әттең айдың күйін кешудеміз.Оны сатып алатын адам болса жақсы,халықта ақшада жоқ,халықтың жағдайыда онша мәз емес ау.
Жауап беру
А
Айсауле 21.10.2021
Кредит кешірілу керек.Өте қиын болып тұр.
Жауап беру
А
Айсауле 21.10.2021
Менің басымда 30млнның үстінде несие бар,әрине борыш төлеу керек.Бірақ еріккеннен алған жоқпыз ғой,пандемия болғанға дейін ішпей-жемей түгел кірісімізді төлеп отырдық.Енді қазир жұмыс көлемі жоқ болуына байланысты төлей алмай қалдық.Банкрот ьолдық десемде болады.Енді отсрочка алғанымыз не керек,ол кредит жиналып жатыр.Білмеймін шаршадық.Денсаулықта кетті.Жеке кәсіпкер бола тұра,жеке тұлғамен рәсімделген кредитім.Кредиттен қүтылу ушін сатуға да шығардық залогтағы мүлікті,онымен олда өтпей жатыр,не жасаймыз білмеймін.
Жауап беру
М
Меруерт 21.10.2021
кредит жаба ушин
Жауап беру
А
Алем 21.10.2021
Менде каспи де кредит бар төлеиалмаи журмин жумус жасаимыз жетпеи ди неистесем болады
Жауап беру
У
Узбекова Камиля Нургалиевна 21.10.2021
Көп балалы анамын.Асыраушысынан айырылған.Мүгедек кызым бар .
Жауап беру
А
Айжурек 21.10.2021
Менде Каспий банкте кридитим бар ден саулығыма байланысты жумыста жокмын олар звандап береди не истесем болады
Жауап беру
А
Айгерим 21.10.2021
Микрокаржы улкен сомада алган улым. Оны қайтаруға менин ешқандай мумкиндигим жок. Озимнин тапкан табысым жилстройдан уй алгамын соган толеймин. Не истеймин білмей жатырмын. Куннен кунге пениясы осип жатыр
Жауап беру
Г
Гулжамал 21.10.2021
Сәлеметсіз ба менде каспий де зайым бар осы бойынша кайда жугінсем болады
Жауап беру
М
М. Айнур 21.10.2021
Салеметсиздерме мен Мектепбай Айнур Сакенкызы пикирим казирги танда енем мен атамыздын колиндамыз 4келин болип турамыз. Бир шанырактын астында 5отбасы бар. Общи отбасимиздин санаги 20 жан турамыз шагимим ар улкен жандардын басында кридит бар. Кридитти женилдетип берсе. И меним 3улим ьар улкеним алсиз 2ши улим сахр.д инвалитчески каржы аламыз бирак уй кирисинее жетпеиди казир куием жумыссыз озим декреттемин бир баламнын акшасын алам оны озине даратамын тамаги т.б дегендеи крилитимди жауып берсе. Сосин уйге тизимге тура алмаи жатирмин. 3балдариммен шигамаи жатирмин . Кридитимди жауып берсе и уйге комек жасаса екен. Токаевка алгысымды аитар едим. Кызылорда каласы Жанакорган ауданы Тугискен ауылынын тургинимин. Оси жауапты кутемин
Жауап беру
Ж
Жомарт 21.10.2021
Евразия банк 1ге 1 қосты машина алғанда
Жауап беру
Ш
Шахсанам 21.10.2021
Окудын акшасын толеуге кейин куйеуим жумыска туруына кредит алганбыз.Карызданып болсада толеп журмиз айтеуир.Кредитти айдын 4числосында толеуимиз кк куйеуимнин зарплатасы 10числода туседи сол числосын озгерту ушин менеджерге барсам оны озгерте алмайды екеенбиз.Енди биз ар айда сонда 4нен 10на диин пенямен толеуимиз кк.Каспиден алганбыз.Сол числоны озгертудын кандайда бир жолын айтынызшы
Жауап беру
Г
Гаухар 21.10.2021
1 ай заранее толеп журесиз, баска амал жок
Жауап беру
21.10.2021
кредитті қайтадан рефинансирование жасатып,графигін өзгертіп алыңыз
Жауап беру
А
Айнур 21.10.2021
Меним еки кредиттим бар
Жауап беру
Н
Нуртуганай Нургазы 21.10.2021
Қайырлы таң!біз атф банкінен кредит алғанбыз,2 жыл бұрын,сосын ол ақшаға автокөлік алдық,ол көлік 2 айдан соң өртеніп кетті..мен басында жұмыс істеп жүргенде төлеп жүрдім,енді кәзір жағдайымыз келми жатыр...қандай да бір көмек болама бізге
Жауап беру
А
Ангел 21.10.2021
Есть страховка банка, какой,они и покрывают
Жауап беру
А
Ангел 21.10.2021
Каско то есть называется
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл