Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Енді кәсіпкерлер несие төлеу мерзімін 90 күнге дейін шегере алады. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев хабарлады.
«Маусым айында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жаңа жоспар қабылданды. Қазіргі таңда бизнес саласында басты мәселе – несие. Яғни, несиені төлеу мерзімін кейінге қалдыру тәртібін қабылдау қарастырылды. 15 маусым күні Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бұл жеңілдікті енгіздік», – деді Мәди Тәкиев.
Оның айтуынша, кәсіпкерлер несиесінің шегерілуі кредит тарихының нашарлауына негіз бола алмайды.
Сондай-ақ банктер мен шағын несие беру орталықтары кесіпкерлерге жаңа несие беруден бас тартса, құзырлы органға шағымдану керек.
Тағы көру