Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ауа-райын болжайтын мамандардың мәліметінше, биыл жаз айында температура жоғарылайды. Еліміздің бірқатар өңірлерінде +45-50 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Сондықтан күннің ыстық сәулесінен болатын тері аурулары мен олардың алдын алу жолдары туралы Dauletten.kz сайтында айтатын боламыз.
Жаздың аптап ыстық айларында күннен D дәруменін аламын дейтіндер болса, енді бірі терінің күюіне ұшырап жатады. Осы мәселе аясында №3 Көпбейінді қалалық аурухананың дерматовенеролог-дәрігері Бақтиярова Жібек Ермекқызының пікірін білдік.
Маманның айтуынша, күн сәулелері жоғары болса терінің ерте фотоқартаюы, күндік лентиго, яғни бұл терінің дақтары, бұл қара түсті және айқындалған шеті бар және паппиллома (терідегі қатерсіз ісік түзілімдерінің ұжымдық атауы), невус (дақтар), дерматоздарға әкеліп соғады.
Күн сәулесі қатты болған кезде, үй-жайлардан шықпаған абзал, шыққан жағдайда күннен қорғайтын SPF+50 кремін жағуға кеңес береді. Тағы бір айта кететін жайт, күн сәулесінен болатын тері ауруларынан қорғану үшін, дене бөліктерінің барлығын дерлік жауып тұратын ақ түсті киімдерді кию керек.
Ал егер жоғарыдағы сақтық шаралары сақталмай тері күйген жағдайда терінің регенерациясын шақыратын пантенол спрейін қолдану керек болады. Алайда Жібек Ермекқызының айтуынша, күннен болған тері ауруларын өздігінен емдеген дұрыс емес. Арнайы дерматолог мамандардың көмегіне жүгініп, олардан кеңес алып, емдік препараттарды қолдану маңызды. Өйткені, үй жағдайында, өз бетімен ем қабылдау аурудың ушығуына алып келуі мүмкін.
фото: Almaty.tv