Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Америкалық әйгілі актер Леонардо Ди Каприо киіктердің популяциясын көбейткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ол жариялаған постында ақбөкендердің әлем бойынша жойылып кету қаупі жоғары жануарлар екенін алға тартқан.
"Бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұл Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталғанын білдіреді. Киіктер саны 2005 жылдары 48 000-ға ғана болған. Ал қазіргі таңда олардың саны табиғатта 1,9 миллионға дейін өсті. Браконьерлікке қарсы бастамаларға, күшті құқық қорғау органдарына және жаңа қорғалатын табиғи аумақтарды құруға қомақты қаржы бөлген Қазақстан үкіметін құттықтаймыз. Олардың табиғатты қорғау ұйымдары, университеттері мен ғалымдары бірлескен күш-жігерге негізделген табиғатты қорғау саласындағы шынайы табыстың тамаша үлгісін көрсетіп отыр", - деп жазды актер.