| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын жалған стоматологиялық қызмет арқылы шығару схемасы әшкереленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
42 клиника мен олардың қызметкерлері әр транзакциядан 10–20% пайда алған, ал қаражат люкс көліктерге, пәтерлерге және жаңа бизнеске бағытталған.
АФМ хабарлауынша, дәрігерлер мен клиникалардың басшылары БЖЗҚ қорындағы қаражатты жалған келісімшарттар арқылы алып отырған. Шығарылған қаражат жеке игілікке ғана емес, жаңа стоматологиялық клиникаларды ашу және элиталық өмір салтын қолдауға жұмсалған.
Қазір 11 адам қамауда, тағы 3 адам үйқамақта отыр. Сондай-ақ, дәрігерлер жалған медициналық қорытындылар үшін шамамен 30 млн теңге алған. Ал қаражатты өз есепшотынан алған қарапайым азаматтар қылмыстық жауапқа тартылмайды.