Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Маңғыстауда “LiveGood” қаржы пирамидасы әшкереленді: 80-нен астам адам зардап шекті
Жаңалықтар

Маңғыстауда “LiveGood” қаржы пирамидасы әшкереленді: 80-нен астам адам зардап шекті

10.07.2025
1 мин
0
297
Сурет: eskeldi-eli.kz

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "LiveGood" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру фактілері бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

"LiveGood" компаниясы дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) сату түріндегі желілік маркетинг ретінде көрініп, шын мәнінде салымшыларды тарту арқылы кепілдендірілген табыс уәде етіп отырған.

Өнімді сатып алу міндетті болмаған.  Қатысушылардың табысы тікелей түрде жазылу құны 50 АҚШ долларынан басталатын жаңа адамдарды тарту санына байланысты болған.

Нәтижесінде 80-нен астам азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналды.

Салымшылардың қаражатын заңдастыру мақсатында күдікті оларды криптовалюта биржасы арқылы заңсыз операциялармен шығарып, кейін туыстарының шоттарына аударған.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа ол Ақтау қаласынан екі пәтер мен Lexus автокөлігінсатып алған. Жылжымайтын мүліктің жалпы құны – 43 млн теңге.

Соттың санкциясымен 132 млн теңге көлеміндегі оның есепшоттары мен мүлкіне тыйым салынды.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алынды.

Іс сотқа жолданды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл