Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Маңғыстауда жүздеген аққу қырылып қалды
Жаңалықтар

Маңғыстауда жүздеген аққу қырылып қалды

19.12.2022
1 мин
1
934

Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде жүздеген аққу қырылып қалғаны туралы блогер әрі видеооператор Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желіде хабарлады.

"Бұл жағдайдың ауқымы алаңдатып отыр. Жүздеген құс өлексесі Қаракөл көлінің бүкіл жағалауында шашылып жатыр. Бір қызығы, мен аққулардан басқа бұл жерде мекендейтін басқа құстардың өлексесін таппадым. Қырылу ауқымы тым үлкен. Сондықтан оны табиғи құбылысқа жатқызу мүмкін емес", - деп жазды Сәрсенбаев.

Әлеуметтік желі қолданушылары құстардың соңғы күндері болған аяз салдарынан мұзға қатып, аштықтан өлуі мүмкін деген болжам жасаған.

"Жас, әлсіз және ауру құстар осылай қырылады", - деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Бұған дейін Азамат Сәрсенбаев биылғы маусымда Қазақстандағы алқызыл қоқиқаздар тобы туралы бейнеролик жариялады.

Тамызда ол суы тайызданған Каспийді видеоға түсірді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Н
Нурила Қоңырбаева 20.12.2022
Дұрыс қой енді өздері жылы жаққа ұшып кетпей ма. Билңктің дым қатысы жоқ.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл