Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ресейдің Улан-Уде қаласында 17 жастағы мектеп оқушысы вейп шегіп, қайтыс болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жарияланған мәліметтерге сәйкес, жасөспірім жуынатын бөлменің есігін жауып, ұзақ уақыт бойы сыртқа шықпаған. Оның жағдайына алаңдаған жақындары есікті бұзып ашып, еденде ес-түссіз жатқан қызды тапқан. Қасында телефон мен вейп болғаны хабарланды.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жасөспірімнің бөлмесінен темекі шегуге арналған тағы екі электрон құрылғы мен Iqos таяқшаларын анықтады. Барлық табылған заттар мен қыз қолданған өнімдер зерттеуге жіберілді. Қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптама нәтижесінде анықталады.
Айта кетейік, Қазақстанда вейптерді сатуға, елге әкелуге және белгіленбеген орындарда қолдануға тыйым салынған.