439.37
498.6
5.22
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мектепте сабақ кезінде телефон қолдануға қай жағдайда рұқсат беріледі
Жаңалықтар

Мектепте сабақ кезінде телефон қолдануға қай жағдайда рұқсат беріледі

29.09.2026
мин
0
82
Сурет: dknews.kz

Қазақстан мектептерінде оқушылардың сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі нақтыланды. Оқу-ағарту министрлігінің жаңа бұйрығында телефон қолдануға рұқсат берілетін үш жағдай көрсетілген, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстандағы барлық орта білім беру ұйымдарында оқушылардың сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануына қатысты ортақ талап енгізіледі. Бұл норма Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі №282-НҚ бұйрығында белгіленген.

Құжат меншік нысанына немесе қай ведомствоға қарайтынына қарамастан, орта білім беру ұйымдарының барлығына қатысты.

Жаңа тәртіп бойынша сабақ кезінде телефонды еркін пайдалануға болмайды. Алайда үш жағдайда оған рұқсат беріледі.

Бірінші жағдай — оқу тапсырмасы.
Егер мұғалім тапсырманы орындау үшін телефонды пайдалануды қажет деп тапса, оқушы гаджетін сабақ барысында қолдана алады.

Екінші жағдай — қауіп төнген кезде.
Оқушының, тәрбиеленушінің немесе басқа адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, телефон пайдалануға рұқсат етіледі.

Үшінші жағдай — денсаулыққа байланысты қажеттілік.
Егер оқушының денсаулық жағдайына байланысты ұялы телефон қолдануы қажет болса, бұл жағдайда да шектеу қолданылмайды.

Осылайша, телефонды сабақ үстінде пайдалануға қатысты талап барлық орта білім беру ұйымдары үшін бірдей болады.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енуі тиіс. Дегенмен құжат қазіргі уақытта мемлекеттік тіркеуден өтуі керек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл