450.79
524.13
5.31
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

11.09.2026
мин
0
63

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жарлыққа сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ереже бекітіліп, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының өкілеттіліктері айқындалды.

Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппаратына жаһандық сын-қатерлерге, ішкі ахуалдың өзекті аспектілеріне жан-жақты талдау жүргізу міндеті жүктелді.

Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының құзырына Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің, соның ішінде шұғыл отырыстарында қабылданған шешімдердің мүлтіксіз әрі толық орындалуын бақылау, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілетін арттыру, заң мен тәртіпті сақтау салаларындағы іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру кіреді.

Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары ақпараттық және киберқауіпсіздік, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану, дербес деректерді қорғау, сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғаныс мәселелерімен айналысады.

Бұдан бөлек, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары жоғарыда аталған шараларды іске асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіріп, халықаралық байланыс орнатады, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының қызметін ұйымдастырады.

Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты өз алдына дербес мемлекеттік орган ретінде Президентке тікелей бағынады және есеп береді.

Орган ұлттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бақылау ісін жетілдіру және күшейту, мемлекетті басқарудың орнықтылығын қамтамасыз ету, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы мен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі қызметіне институционалдық тұрғыдан қолдау көрсету және олардың шешімдерін орындау шараларымен айналысады.

Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, халықаралық аренадағы ұлттық мүдделері мен конституциялық жүйенің негіздерін сақтауды көздейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл