Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алғаш рет: мемлекет қаржысына түсірілген фильм прокатта 1 млрд теңге жинады
Жаңалықтар

Алғаш рет: мемлекет қаржысына түсірілген фильм прокатта 1 млрд теңге жинады

29.09.2025
1 мин
0
121
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық режиссёр Думан Еркімбектің дебюттік толықметражды фильмі "QAITADAN" үш апта ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық прокатта көш бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл жоба – мемлекет қолдауымен түсіріліп, кино өндірісіне бөлінген қаражатты бес есе артығымен өтеген алғашқы фильм.

Көрермен көзайымына айналған картина оқиға желісімен ғана емес, визуалды шешімдерімен де ерекшеленеді. Фильмде қауіпсіздік, жауапкершілік пен бірлік идеясы көрініс тауып, жастарды достық пен бауырмалдыққа үндейді. Сондай-ақ туындыда отбасы құндылықтары, әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік қағидаттары дәріптелген.

"QAITADAN" 2023 жылғы ұлттық кино питчингі жеңімпазы атанып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағалидың айтуынша, Қазақстан киноиндустриясы қарқынды дамып келеді. Бұл ұлттық контентті ілгерілетуге, тұрақты қолдау жүйесін қалыптастыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Оның сөзінше, "QAITADAN" – жас режиссёрлердің жаңа мүмкіндіктерін айқындайтын жарқын мысал.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл