Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
28 ақпаннан бастап микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) мерзімі өткен төлемдері бар қарыз алушыларға күніне бір реттен артық қоңырау шалуға құқығы болмайды. Қазақстанда банктер мен коллекторлық агенттіктер қарыз алушылармен өзара қарым-қатынаста сақтауы тиіс қатаң талаптар бар. Бұл ережелер енді микроқаржы ұйымдарына да қатысты болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 28 ақпаннан бастап МҚҰ қызметкерлері мен мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін реттейтін қаулы күшіне енеді. Жаңа талапқа сәйкес, микроқаржы ұйымдары борышкерлерге жұмыс күндері тек сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін және күніне бір рет қана қоңырау шала алады. Бұдан бөлек, олар төлем мерзімі кешіктірілгенін бұрынғыдай 20 күннен кейін емес, 10 күн ішінде хабарлауға міндеттеледі.
Қоңырау барысында микроқаржы ұйымының қызметкері қарыз алушыға келесі ақпаратты жеткізуі тиіс:
Сондай-ақ қызметкерлер келісімшарт пен “Микроқаржы қызметі туралы” заңда көрсетілген жауапкершілік пен міндеттемелерді еске салуға міндетті. Оларға өзін басқа атпен таныстыруға, жалған ақпарат беруге немесе қарыз алушыны шатастыруға тыйым салынады.
Қаулыға сәйкес, микроқаржы ұйымдары қарыз алушылардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпаратты тарата алмайды. Сондай-ақ, борышкермен байланыс орнатуға тікелей көмектесетін жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға мерзімі өткен берешек туралы хабарласуға рұқсат етілмейді.
Қарыз алушылар микрокредит беру шарттарын өзгерту туралы МҚҰ-ға өтініш бере алады. Егер тараптар келісімге келе алмаса, азаматтар микроқаржы жөніндегі омбудсменге жүгінуге құқылы.