Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға байланысты мектеп мұғалімдерінің жалақы мөлшерінің төмендемейтінін, керісінше 2021 жылдың қаңтарынан бастап көтерілетінін айтты.
"Қашықтан оқу барысында мұғалімдерге көп жауапкершілік жүтелді. Жақында ұстаздарды ақысыз демалысқа жібереді деген пікір болды. Бірақ бұл дұрыс емес. Мұғалімдер тамыз айында бұған дейін қанша жалақы алды, сонша алуы керек", - деді Аймағамбетов
Министр өз сөзінде қашықтан оқуды әлдеқайда жеңіл деп санап, олардың жалақысын азайтқысы келгендер болғанын жасырмады.
"Дәл қазірге жағдайда қашықтан оқу мұғалімнің табысына әсер етпеуі керек. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұстаздардың жалақысы көтерілді. Қыркүйектен бастап "Педагог мәртебесі" заңына сәйкес қосымша үстемақы қосылады.Ал қаңтар айынан бастап әріптестеріміздің жалақысы 25 %-ға өседі", - деді министр.
Тағы көру