441.88
503.61
5.24
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мұрат Әбенов Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі туралы: «Жалақы төленбейді, кабинет пен көлік берілмейді»
Жаңалықтар

Мұрат Әбенов Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі туралы: «Жалақы төленбейді, кабинет пен көлік берілмейді»

24.09.2026
мин
0
76
Сурет: shymkentaqparat.kz

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері ешқандай жалақы алмайды және бұл органның құрамына ену мемлекеттік қызметші мәртебесін бермейді. Жаппай бюрократиядан ада жаңа консультативтік-демократиялық институттың жұмыс механизмі мен ашықтығы жайында Мәжілістің бұрынғы депутаты Мұрат Әбенов алғашқы сессия кулуарында айтып берді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Елдегі жаңадан жасақталған Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің қызметі толығымен қоғамдық негізде жүзеге асырылмақ. Осылайша, консультативтік орган өкілдеріне мемлекеттік бюджеттен жалақы төленбейді және ешқандай арнайы жеңілдіктер қарастырылмаған.

Бұл туралы аталған органның мүшесі, саясаткер Мұрат Әбенов мәлімдеді. Оның сөзінше, Кеңес құрамында болу арнайы лауазым да, мансаптық артықшылық та емес.

- Жалақы алмаймыз. Бұл – адамдар белгілі бір лауазым атқармайтын жоғары консультативтік орган. Біз мемлекеттік қызметші болып саналмаймыз, бізге бекітілген кабинеттер мен көліктер болмайды. Әркім өз жұмысымен айналысады. Жұмыс толығымен тегін, қоғамдық негізде жүргізіледі, – деді Мұрат Әбенов.

Сонымен қатар кулуарда журналистердің сұрағына жауап берген саясаткер жаңа органның БАҚ өкілдері үшін барынша қолжетімді болатынына сенім білдірді.

- Мен қай жерде жұмыс істесем де, әрдайым ашық болдым және алдағы уақытта да осы ұстанымымды жалғастырамын. Халық Кеңесі ашық жұмыс істейтініне сенімдімін. Мұнда барлығы тәуелсіз адамдар, әрқайсысы қоғамдық ұйымның, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің атынан өкілдік етеді, – деп түйіндеді М. Әбенов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл