| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жезқазған қаласының басшылығында кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Өңірді екі жылдан астам уақыт басқарған Қайрат Шайжанов қызметінен босатылып, оның орнына жаңа шаһар басшысы болып Мұрат Ерболатұлы Бөрібаев тағайындалды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі лауазымындағы жұмысын аяқтағаны туралы ресми мәлімдеме жасады. Ол өз сөзінде шаһар тұрғындарына бірлесе атқарған жұмыстары үшін, білдірген сенімдері мен жан-жақты қолдаулары үшін ерекше алғысын білдірді. Сондай-ақ, Жезқазған шаһарының өзінің еңбек жолы мен өмірінде айрықша орын алатынын атап өтті. Айта кетейік, ол бұл лауазымға 2022 жылдың маусым айында тағайындалған болатын.
Осыдан кейін Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен қала активіне Жезқазғанның жаңа әкімі Мұрат Ерболатұлы Бөрібаевты таныстырды. Өңір басшысы жаңадан тағайындалған әкімге қаланы әрі қарай дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында бірқатар міндеттер жүктеді.