Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Көп адамдар байлыққа жетуді армандайды, бірақ олардың аз бөлігі ғана қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізе алады. Бұған не себеп? Неліктен біреулер байып, басқалары қаржы тапшылығында қала береді? Бұл сұрақтың жауабын табу үшін Dauletten.kz сайты негізгі себептерді қарастырды.
1. Қаржылық сауатсыздық
Ақша табу – бір бөлек, оны дұрыс басқару – мүлде басқа нәрсе. Көптеген адамдар қаржылық сауаттылыққа көңіл бөлмейді. Олар жеке бюджетті жоспарламайды, инвестиция жасауды үйренбейді, қарызға кіру қаупін ескермейді. Нәтижесінде, қанша табыс тапса да, қаржысы тез таусылады.
2. Несиеге өмір сүру
Кіріс әкелмейтін, пайдасы жоқ несиеге алынған заттар қарыз тұзағына алып келеді. Бір несиені жабу үшін екінші несие алу- ең үлкен қателіктердің бірі.
3. Табыс көздерінің аз болуы
Орташа адам тек бір табыс көзіне сүйенеді – айлық жалақы. Алайда, ауқатты адамдар табыс ағындарын әртараптандыруға тырысады. Олар инвестиция салады, бизнес бастайды, пассивті табыс көздерін дамытады. Егер сіз тек бір ғана табыс көзімен шектелсеңіз, бай болу мүмкіндігіңіз азаяды.
4. Жылдам ақшаға ұмтылу
Шектен тыс табысқа деген уәделер көбінесе барлық қаражаттан айырылумен аяқталады. Түрлі-түсті жарнама мен ақылды алаяқтарға алданып қалмаңыз.
5.Тұтынушылық психология
Қазіргі заманғы маркетинг адамның үнемі жаңа нәрселерге мұқтаж екенін сендіруге тырысады. Көптеген адамдар табысын тиімді инвестициялаудың орнына, оны қымбат гаджеттерге, сәнді киімдерге және қажетсіз тауарларға жұмсайды. Осылайша, олардың қаржылық жағдайы жақсармайды, керісінше, нашарлай береді.
6. Көзбояушылық үшін өмір сүру
Өзіңізді басқалармен салыстыру және бай көрінуге тырысу мағынасыз шығындарға әкеледі. Туыстар үшін той жасау, досыңыз үшін қымбат көлік міну қарыз тұзағына алып келеді.
7. Қысқа мерзімді ойлау
Бай болғысы келетін адамдар көбіне тез нәтиже күтеді. Олар ұзақ мерзімді жоспар құрмайды, жылдар бойы жинақ пен инвестиция жасаудан гөрі, бірден үлкен табыс табуды ойлайды. Алайда, қаржылық тәуелсіздік – бұл уақыт пен шыдамдылықты талап ететін процесс.
8. Тәуекелден қорқу
Байлыққа жету жолында тәуекелге бел буу қажет. Бірақ көп адамдар қателік жасаудан, инвестиция жоғалтудан қорқады. Олар тұрақты, бірақ аз жалақыға қанағаттанып, жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып көрмейді.
9. Өз дамуына инвестиция жасамау
Бай болғысы келетін адам үнемі өзін дамытуы керек. Білім алу, жаңа дағдылар үйрену, тәжірибе жинақтау – қаржылық табысқа жетудің негізгі құралдары. Бірақ көп адам білім алуға, тренингтерге, өзін-өзі жетілдіруге қаржы бөлмейді.
Қорытынды
Бай болу үшін жоғары жалақы алу жеткіліксіз. Ең бастысы – ақшаны дұрыс басқаруды үйрену, табыс көздерін көбейту, ұзақ мерзімді ойлау және өзін-өзі дамыту. Қаржылық тәуелсіздік – бұл кездейсоқтық емес, саналы әрекеттердің нәтижесі. Егер сіз бай болғыңыз келсе, бүгіннен бастап қаржылық сауаттылығыңызды арттыруға және табыс көздерін әртараптандыруға күш салыңыз!