Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биылдан Dauletten.kz оқырманының көпшілігі несиеден біржола құтылуды көздеп отыр, ал біршамасы баспана алудан үмітті. Осыған байланысты, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы 15 минутта несие тарихыңыз туралы ақпаратты тексеру немесе Дербес несие есебін алу құжатына қол жеткізу үшін қандай қадамдар орындау керегіне тоқталмақпыз.
2. Сайттың сол жақ бұрышындағы тілдерден қазақшаны таңдаймыз. Кеден және салықтар тарауына кіреміз.
3. Беттің сол жақ бөлігінде тұрған Экономика және қаржы бөліміне басып, ұсынылған қызметтердің ішінен Дербес несие есебін алуды таңдаймыз.
4. Оң жақ бұрышындағы Онлайн сұрау батырмасын басамыз.
5. Порталға кірудің әртүрлі жолдары ұсынылады. Біз жүйеге ЭЦҚ арқылы кіруді таңдап, құрылғыдағы ЭЦҚ кілттері орналасқан папканы ашамыз. Кейіннен түпнұсқаға сәйкестендіру кілтін (AUTH_RSA) таңдап, ашу батырмасын басамыз.
6. Шыққан терезеге кілттер қоймасына арналған парольді енгізіп, қол қою батырмасын басамыз.
7. Дербес несиелік есептеме алудың 1-қадамы ашылады. Арыздағы деректерді тексеріп шығып, келесі қадамға көшеміз.
8. 2-қадамда қол қоюға арналған тіркеу куәлігін (RSA) сақталған папкасынан ашамыз.
9. Сертификат деректері шыққан соң қол қою батырмасын таңдаймыз.
10.Дербес несиелік есептемеге арыз ойдағыдай тіркелген соң өңделудің жай күйін тексереміз.
11. Қызметтерді алу тарихы шығады. Сұрауыңыздың нөміріндегі сілтемені басу арқылы құжатты ашып, жүктеп алуыңызға болады.
Айта кету керек, дербес несиелік есептемені күнтізбелік бір жыл ішінде бір рет қана тегін ала аласыз. Ал қайта арыз беру құны – 400 теңге. Сондай-ақ несие тарихын алу барысында қандай да бір қиындық туындаса, 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, шешу жолын біле аласыз. Алайда оператор жауабын ұзақ күтуіңіз мүмкін екенін де ескеріңіз.
Жансая ҚАМБАР
Тағы көру