Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Адель Бекмұхаметова Стэнфорд университетінде (АҚШ) тағылымдамадан өтуде, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Зияткерлік мектептің 11-сынып оқушысы әлемнің үздік университетінде клиникалық ғылым, технология және медицинада оқуға ерекше мүмкіндік алды. Айта кету керек, бұл тағылымдама өте таңдамалы және қабылдау пайызы небәрі 8% құрайды.
Дарынды оқушы академиялық оқуды қоғамдық қызметпен сәтті үйлестіреді. FLEX бағдарламасының жартылай финалисті, мектептің өзін-өзі басқару ұйымының БАҚ министрі. XIII Наурыз кездесулерінде жүлдеге жеткізген медициналық секторды цифрландыруға бағытталған «Helzy» медициналық қосымшасы әлемнің жетекші университетінің тағылымдамасына өтуінде де зияткердің бағын ашты.
Айтылған жетістігі үшін Адельдің кандидатурасын университет мыңдаған үміткерлер арасынан таңдап, екі апталық «Клиникалық ғылымдар және бастапқы хирургия» курсын өтуге мүмкіндік берді.
«Мен Алматы қаласындағы Зияткерлік мектепке химия және биология саласындағы берген үздік білімі үшін алғыс айтамын, бұл маған қосымшаны әзірлеуге және тағылымдамадан өтуге көп көмектесті. Біз қосымшаны қыздар командасы болып жасадық, STEAM жобасы ретінде бірнеше химия, биология, информатика пәндерінің түйіскен жерінде әзірленеді. Қазіргі уақытта біз GooglePlay-дан мақұлдауын күтудеміз, сонымен ол IOS App store-да пайда болып пайдаланушылар үшін қол жетімді болады.
Профессорлар күрделі болып көрінетін ақпаратты жеңіл түрде және қызықты қылып ұсынады, аудиториямен өте тығыз қарым-қатынас жасайды, туындаған кез келген сұраққа жауап беруге дайын. Ең бастысы, практикалық бөлім нақты пациенттермен өтеді. Өздеріңіз білетіндей, SU-да өзінің клиникалық, диагностикалық орталықтары бар және біз олардың клиенттерімен байланысу мүмкіндігіне ие боламыз. Мен мұнда өз қатарымда жалғыз қазақстандықпын, көп бөлігі Америкадан келген студенттер, біраз құрдастарыммен танысып та үлгердім», - деп өз әсерімен бөлісті.