Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау басталды. Өтініштер 8 маусымға дейін қабылданады.
Баспананы жалдау ақысы 5 мың теңгеден басталатын пәтерлер 11 санат бойынша беріледі. Атап айтсақ, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар, жасына байланысты зейнеткерлер, жетім балалар, қандас, экологиялық зардап салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары, толық емес отбасылар. Жалға берілетін пәтерлердің жалпы саны – 100.
Құжаттар электронды түрде qatysu.zhilfond.kz сайты арқылы қабылданады. Іріктеу «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша тұрғын үй кезегіне қою күні мен отбасы құрамы бойынша кезекте тұрған азаматтар арасында өтеді.
Бағдарламаға өтініш беру үшін керек құжаттар тізімі:
Баспана 5 жылға жалға беріледі. Десе де, жалдау мерзімін 5 жыл өткен соң ұзарту арқылы жалдау шартын өзгертуге болады. Өтініштерді қарастыру нәтижелері zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.