Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елорда құрылысының негізгі бағыты - қолжетімді баспана. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов айтты.
Оның айтуынша, 2025 жылға дейін қалада 50 мың әлеуметтік пәтер тапсырылады, оның ішінде 10 мың пәтер биыл беріледі.
Көлгінов 2023 жылға дейін ұзақ құрылыс мәселесін толығымен шешуге уәде берді. Биылғы жылдың соңына дейін 57 проблемалық нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Бұл 7 мыңнан астам пәтерді құрайды. Қазіргі кезде 24 тұрғын үй кешені қоныстануға дайын.
Сондай-ақ 125 тұрғын үй кешенін жөндеу және апаттық жағдайдағы 300-ден астам отбасын қоныстандыру үшін тұрғын үй салу жоспарланып отыр.
Өндіріс, Көктал және Ильинкада спорттық-сауықтыру кешендері салынады. Мұнда қарттарға арналған клубтар және спортқа арналған тегін кешендер болады.
Қалада 2025 жылға дейін 70 мектеп салынады. Сондай-ақ алдағы төрт жылда 550 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады.