Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елорданың жоғары оқу орындары мен колледждерінің түлектері «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» атты жұмысқа орналастырудың екі бағдарламасына қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие. Бағдарлама техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыздар үшін арнайы құрылған. Бағдарламаға оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде 29 жастан аспаған жұмыссыздар да қатыса алады. 2021 жылы жалақы 94 053 теңгені құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс тәжірибесі жоқ, алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер үшін арнайы «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасын іске асыруда. Бағдарламаға қатысуға 29 жастан аспаған жұмыссыздар құжат тапсыра алады. Жоба қатысушылары 24 айдан кем емес мерзімге тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие. Мұнда ай сайынғы субсидия (жалақы) мөлшері 20 АЕК - 58 340 теңгені құрайды (салықтарды, әлеуметтік төлемдерді және т.б. есепке алғанда).
Барлық сұрақтар бойынша "Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ Бейбітшілік көшесі, 25, / 72-93-56, 87053297719 байланыс телефондарына хабарласуға болады.