Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру туралы Мәжіліс отырысында Олжас Бектенов ҚР Премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Олжас Бектеновтің кандидатурасын парламенттік партиялар фракцияларымен кеңескеннен кейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске ұсынды. Палата 6 ақпандағы отырысында кандидатураны қолдады. Осылайша, президенттің тиісті жарлығынан кейін Олжас Бектенов Қазақстанның жаңа премьер-министрі болып тағайындалды.
Мәжіліс талқылауына «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев және «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров қатысты.