Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері оңайлатылған декларация негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімдеріне қатысты мәлімет жариялады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 688-бабына сәйкес, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органдарына оңайлатылған декларацияны (910-нысан) есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуі қажет.
Негізі, салық кезеңі жарты жыл болып табылады. Осыған сәйкес салық есептілігін ұсынумен қатар есептелген әлеуметтік төлемдерді жарты жылда бір рет төлеу деректері жиі орын алып отыр. Ал бұл өз кезегінде қолданыстағы заңнамалардың нормаларын бұзу болып табылады.
Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі
«Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңдарына сәйкес әлеуметтік төлемдер табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді. Яғни, әлеуметтік төлемдер ай сайын төленуі шарт.
Тиісінше, әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлемегені үшін әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі және банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеліп соғады.
Осыған байланысты, Маңғыстау облысы бойынша МКД есептелген әлеуметтік төлемдерді мерзімінде төлеу қажеттігін ескертті.