460.13
532.6
5.42
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Онкологияда отандық дәрі пайда болуы мүмкін
Жаңалықтар

Онкологияда отандық дәрі пайда болуы мүмкін

18.08.2026
мин
0
177
Сурет: Ғаламтордан

Қазақстандық ғалымдар әзірлеген DVC препаратының клиникалық сынақтары жалғасып жатыр. Дәріні 2027 жылы тіркеуден өткізу жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда жасалған қатерлі ісікке қарсы DVC препараты 2027 жылы қолданысқа шығуы мүмкін. Қазір препарат Астана қаласындағы онкология орталығында клиникалық зерттеудің екінші кезеңінен өтіп жатыр.

Зерттеу барысында мамандар дәрінің тиімді дозасын анықтап, оның адам ағзасына әсерін бағалауда. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәліметінше, клиникалық сынақтарды 2026 жылдың соңына дейін аяқтап, препаратты тіркеуге ұсыну жоспарланған.

Алғашқы кезеңде DVC Қазақстанда және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тіркелмек. Кейін препаратты шетелдік нарыққа шығару үшін әр мемлекетте тиісті тіркеу рәсімдерінен өту қажет болады.

Препаратты әзірлеуші Дос Сарбасовтың айтуынша, DVC-нің доклиникалық зерттеулері сәтті аяқталған. Ал пациенттердің қатысуымен клиникалық сынақтар 2026 жылғы 31 наурызда басталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл