Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың жазғы лагерьлердің жұмысын ұйымдастыруға қатысты сауалына жауап берді. Онда электрондық кезектің құрылатынын айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Балалар сауықтыру ұйымдары балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары болып табылады. Осы орайда, ҚР Білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңы жобасының аясында «Білім туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдарына балаларға арналған сауықтыру ұйымдарын хабарлама жасау жөнінде өзгерістер енгізуі қарастырылған. Бұл Заң жобасы балалар сауықтыру ұйымдарының электрондық тізілімін құруға және сәйкесінше қорытынды құжаттарсыз ашылмауының алдын алуға мүмкіндік береді»,- деді министр.
Министрдің айтуынша, лагерьде жұмыс жасайтын арнайы оқыту курстары ұйымдастыру мен арнайы мамандар тарту мәселесімен биыл «Жаздық сауықтыру және демалыс жолдамасы» бірегей бағдарламасы әзірленген. Оның негізінде 20 өңірдің жауапты мамандары, сауықтыру ұйымдарының әдіскерлері ағымдағы жылдың 22 - 26 мамыры аралығында оқу курстарынан өткен.
«Бүгінде «лагерь» атауын «орталық» атауымен алмастыру мәселесі пысықталуда. Жалпы, жазғы уақытта балаларды демалыспен, сауықтырумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда және Министрліктің ерекше бақылауында»,- деп жауап берді Ғани Бейсембаев.