Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Oблыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Үкімет отырысында Абай облысындағы орман өртіне байланысты Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі жарияланғанын айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«25 мамырдағы жағдай бойынша орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жедел штаб құрылды. Жағдай ерекше бақылауда. От ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орман алқабындағы өртті сөндіруге желдің екпіні су-батпақты жерлер кедергі келтіріп, ауыр техниканың қозғалуын қиындатуда. Жалын шарпыған аумақтың ауданы 3,5 мың гектар болды. Орман өртін сөндіруге 201 техника, 8 тікұшақ, бір өрт сөндіру пойызы және жеке құрамның 852 адамы жұмылдырылды. Бүгін Бородулиха ауданы бойынша төтенше жағдай режимі жарияланады», - деді ол.
фото: gov.kz