447.8
516.76
5.3
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент Hanwha Group вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады
Жаңалықтар

Президент Hanwha Group вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады

15.09.2026
мин
0
51
Сурет: Ақорда

Кездесуде қазақ-корей инвестициялық және технологиялық ынтымақтастығының перспективті бағыттары талқыланды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасымен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Hanwha Group компаниясын Корея Республикасының бірқатар стратегиялық маңызды салаларда халықаралық позициясы мығым жетекші бизнес-топтарының бірі ретінде қарастырады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру және цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанды Орталық Азия нарығына шығатын технологиялық алаң ретінде пайдаланып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Hanwha Group компаниясымен серіктестікті кеңейтуге дайын екенін растады. Сондай-ақ қол жеткізілген уағдаластықтар өзара тиімді нақты жобаларға ұласатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Ким Дон Вон Hanwha Group компаниясы 1997 жылы Қазақстанмен ынтымақтастықты бастаған алғашқы кореялық корпорациялардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстандағы цифрландыру үдерісіне және түрлі жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігін ерекше ықыласпен қабылдағанын жеткізді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл