Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Отанына оралған қандастар ел заңына бағынуы тиіс" - Президент

03.01.2025
1 мин
2
3025
Сурет: Dauletten.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұқбатында марқұм Шерзат Полаттың қазасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысы Талғар оқиғасы туралы да айтты. Сөзінше, елімізде "Заң мен тәртіп" қағидаты мызғымастай орнығуға тиіс.

Талғардағы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қажетті шаралардың бәрін қабылдады. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеп-тексеру жұмыстары аяқталуға жақын. Көп ұзамай осы іске қатысты сот болады. Бұл оқиғаға орай құзырлы органдар қабылдаған барлық шара заң талаптарына толық сай келеді. Ал басқаның бәрі – құр дақпырт пен теріс пиғылды кейбір топтардың осы жағдайға саяси сипат беруге деген ұмтылысы ғана. Бұған жол беруге болмайды. Осы оқиғаға қатысы бар азаматтар бойынша мына мәселені еске салғым келеді.
Қазақ халқы шетелден келген отандастарын "қандасым" деп, құшақ жая қарсы алды. Тарихи Отанына оралғандар Қазақстанның заңдарына қатаң бағынып, қоғамдық тәртіпті сақтап, заңсыз әрекеттерден аулақ болуы керек. Олар бұрын өздері тұрған елде биліктің талабын сақтап, ондай әрекет жасаған жоқ қой?!, - деді Президент.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Г
Гулшат 03.01.2025
Заңға бағынбай не істеді? Өз дүкенінде өлтіріп кеттіғой? Қатаң жазалансын жабылып өлтіргендер демейме? Халық болып президенттің бір ауыз сөзін күткенде, айтқан сөзі осы болдыма?
Жауап беру
03.01.2025
????????
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл