Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өткен айда жеке тұлғаларға берілген кредит көлемі 10 трлн теңгеден асты
Жаңалықтар

Өткен айда жеке тұлғаларға берілген кредит көлемі 10 трлн теңгеден асты

31.01.2022
1 мин
2
958

ҚР Ұлттық банкі кредит нарығының желтоқсан айындағаы жағдайына шолу жасады.

Ұлттық банктің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, 2021 жылдың соңғы айында банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 3,7% ұлғайып, 18 трлн 497,7 млрд теңге болған (жылдық мәнде өсім – 26,5%). Заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі бір айда 7 трлн 758,8 млрд теңгеге дейін немесе 3,5%, ал жеке тұлғаларға берілген несие көлемі 10 трлн 738,8 млрд теңгеге дейін немесе 3,8% артқан.

«Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 16 трлн 588,2 млрд теңгеге дейін немесе 3,8% ұлғайды. Оның ішінде заңды тұлғалардікі 3,8%, жеке тұлғалардікі 3,9% өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 трлн 909,5 млрд теңгеге дейін немесе 2,6% ұлғайды. Оның ішінде заңды тұлғалардікі 2,6% өссе, жеке тұлғалардікі 0,9% төмендеді. Желтоқсанның соңында теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 89,7% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды», - деп жазылған ресми мәліметте.

Ұлттық банк сайтының жазуынша, ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 трлн 30,5 млрд теңгеге дейін немесе 3,9%, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 трлн 467,2 млрд теңгеге дейін немесе 2,7% ұлғайған. Оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне желтоқсан айында 3 трлн 772,2 млрд теңге кредит (жалпы корпоративтік сектор кредиттердің 48,6%-ы) берілген. Ал банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттердің орташа сыйақы мөлшерлемесі 12,2% (2020 жылғы желтоқсанда – 11,4%), жеке тұлғаларға – 17,5% болған (14,9%).

 

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8405 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
Б
Балдай 01.02.2022
800 мындай кредитім бар белгілі себепті алғам,, Қаз жұмыссызбын 2жылдан асты төлей алмай отырмын,, кешірілсе дұрыс болар еді,, енді алмайтын едім,, бүкіл жолымды жауып тастады,,, каншама жемқорлар жеп жатыр,, итте құста неге кешірмеске?? Үйіміз жок квартира жалдап тұрамыз
Жауап беру
У
Умида 31.01.2022
Кридит кешірілсін
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл