Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодарда тәрбиеші мүгедек балаларды ұрып-соққан, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Облыс прокуратурасы кәмелетке толмаған жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарға тексеру жүргізген.
Тексеру кезінде "Облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін психоневрологиялық балалар орталығы" КММ тәрбиешілерінің балаларды ұрып-соғу деректері анықталды.
Бұл мекемеде денсаулық жағдайы бойынша дәрменсіз, психоневрологиялық патологиясы бар, үнемі күтімді қажет ететін балалар тұрады.
Осыған байланысты кәмелетке толмағандарды қинау бойынша тергеу басталды.