Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Петропавлда Қазақстан Ұлттық ұланының келісімшарт бойынша әскери қызметшісі оқ тиіп қаза болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz тілшісі. Ұлттық ұлан баспасөз қызметі мәліметінше, оқыс оқиға 12 қарашада болған.
"12 қарашада 6637 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі әріптесінің абайсызда оғынан жараланды. Ол шұғыл медициналық мекемеге жеткізілді, бірақ әскери қызметкерді аман алып қалу мүмкін болмады", – деп жазылған хабарламада.
Қазір тергеу тағайындалып, мән-жай анықталуда.