Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде жарылыс болды, деп хабарлады Petropavlovsk.news сайты.
Басылым мәліметінше, 9 адам зардап шекті.
17 қарашада сағат 16:16-да орталық өрт байланыс пунктіне "101" телефоны қызметінен қоңырау түседі. Онда Петропавл қаласы, 1-ші Гашек өткелі, 8 мекенжайы бойынша техникалық қызмет көрсету станциясының ғимаратында жарылыс туралы айтады. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар газ-ауа қоспасының жарылысы болғанын анықтады.
"Әртүрлі дене жарақатын алған 9 адам "Жедел жәрдем" көлігімен емдеу мекемелеріне жеткізілді. Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 43 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылды. Қаза тапқандар жоқ", - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі