Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Полицей пара алғаны үшін 18 млн теңге айыппұл төлейді
Жаңалықтар

Полицей пара алғаны үшін 18 млн теңге айыппұл төлейді

03.11.2022
1 мин
0
768

Сот пара беруге итермелeуге және алаяқтыққа айыпталған Атырау облыстық полиция департаментінің бұрынғы патрульдік полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Dauletten.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайық поррталына сілтеме жасап. 

Полиция қызметкері Өзбекстан азаматынан көші-қон қызметі бөлімінен құжаттарын алып беремін деп 600 мың теңге алған. Ақшаны "бастықтарға" беремін деп, өзінде қалдырған. 

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, жасырын бейнежазбалармен дәлелденеді. 

Прокурор сотталушыны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы мен қорғаушы тағылған айыппен келіспей, ақтау үкімін шығаруды сұрады. 

Сот полицейді кінәлі деп танып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан және "аға лейтенант" шенінен айыра отырып, параның 30 еселенген сомасы – 18 000 000 теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды. 

“Сот соттылығының болмауын жеңілдететін мән-жай ретінде, қабылданған антты бұзуын жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде таныды”, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл