Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін Әдеп кодексінің жобасы жария талқылауға шығарылды.
Құжатты "Ашық НҚА" сайтында Бас прокуратура жариялады. Ведомство мәліметінше, Әдеп кодексін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметте және тұрмыста мінез-құлқының бірыңғай стандарттарын белгілеу үшін қабылдау жоспарланып отыр.
"Кодекс құқық қорғау қызметінің беделін, азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуге, қызметкерлердің мінез-құлқының бірыңғай адамгершілік-моральдық негізін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өз лауазымдық міндеттерін орындауының тиімділігін арттыруға, құқық қорғау қызметінде өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық атмосферасын құруға, сондай-ақ қызметкерлердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға арналған", - делінген Бас прокуратураның түсіндірмесінде.