Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада полицейлер 24-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Сарайшық көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Балкон қоршауында ер адамның отырғаны туралы ақпарат түскен соң патрульдік полицейлер Ержан Айса мен Нұрсұлтан Егембай оқиға орнына келген.
Полицейлер балкон қоршауына еңкейіп, төменге секірмек болған адамды көрген. Уақыт жоғалтпау үшін олар бірден жоғарғы қабатқа көтерілген. Алайда ер адам оған жақындамауын сұрап, айқайлай бастапты.
“Жағдайды бағамдап, полицейлер ер адаммен сөйлескен. Оның назары басқа жаққа ауғанын пайдаланып, артынан ұстап, балконның ішіне тартып кіргізген. Содан кейін олар ер адамды қауіпсіз жерге апарып, стресстік жағдайды шешуге көмектесіп, тыныштандырған”, –делінген хабарламада.
Ер адам Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізді. 28 жастағы азаматтың мұндай іс-әрекетке не итермелегені анықталып жатыр. Психологтармен бірлесіп онымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.