Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде интернет желісі арқылы жасалатын алаяқтық көрсеткіші артқан. Алматы облысының полицейлері азаматтарға алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті, – деп хабарлайды Polisia kz.
Мамандардың айтуынша, соңғы кездері алаяқтар бейтаныс нөмірмен хабарласып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, жеке шоттағы ақшаны жымқыруға көшкен.
Әңгіме барысында банк қызметкері ретінде сіздің шотыңыздағы ақшаны басқа біреулер алғалы жатқанын ескертіп, шотыңыз бен картаңызды жедел сақтандыруыңызды хабарлайды.
Банк қызметкері ретінде банк операцияларын жаңарту үшін толық мәлімет беруді сұрайды. Яғни ЖСН, банктік карталарының нөмірлері, құпия сөзді жазып алады. Нәтижесінде, ақшаны өздеріне қажетті есепшотқа аударады.
Полицейлер азаматтардан банк картасына қатысты мәліметтерді ешкімге айтпауды, сонымен қатар карта жоғалған жағдайда оны дереу бұғаттау қажет екенін ескертеді.
Тағы көру