Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Полицейлер дәрісін бермеген: Шымкенттегі тергеу изоляторында жатқан қант диабетімен ауыратын күдікті көз жұмды
Жаңалықтар

Полицейлер дәрісін бермеген: Шымкенттегі тергеу изоляторында жатқан қант диабетімен ауыратын күдікті көз жұмды

01.12.2023
1 мин
1
922
Фото: Азаттық материалынан скриншот

Шымкентте тергеу изоляторында қамалған күдікті жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қант диабетіне шалдыққан Бейбарыс Сүлейменнің жағдайы тергеу изоляторында күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген.  Бұл туралы Dauletten.kz 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Марқұмның туыстары оған инсулинді ауруханаға апарып бергендерімен полицейлер дәріні жігітке жеткізбегенін айтады. 30 жастағы ер адам заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен жеті айдан бері қамауда болған.

Гүлшат Байназарова бір апта бұрын ұлын жер қойнына тапсырды. 7 ай бұрын тергеу абақтысында жатқан жігіттің жағдайы 14 қарашада күрт нашарлапты. Себебі дәріге тәуелді күдікті қант диабетіне шалдыққан.

“Балам үш күн инсулинсіз қалып қалдым. Инсулинім жетсе, инем жетпей қалады дейтін. 1,5 күн инсулин алмағанын мекеменің басшысы Ерлан да біледі. Мен ештеңе сұрап жатқан жоқпын. Үй қамаққа жібермей жатырсыңдар, ең болмаса инсулинын жеткізіп беріңізші деп өтініп едім”, – деді марқұмның анасы  Гүлшат Байназарова. 

Науқас жансақтау бөлімінде жан тапсырған. 

“Айдың басында алып, 5-не дейін бірден Бейбарысқа апарып береміз. Посттан өткеннен кейін олар әрі қарай жеткізбеді. Түрмеден келген заттарды ашып қараған кезде бір пакет инсулин келді. Қорапшасы ашылмаған, бір бума инелер де тұр”, – деді марқұмның әйелі Ботагөз Мелдеш.

Қазір бұл іске қатысты тергеу басталды. Құзырлы орган өкілдері күдікті дәрі-дәрмекті уақытылы алып, оған барлық ем-дом көрсетілді деді.

“Қазіргі таңда денсаулық сақтау басқармасы мен қылмыстық атқару департаменті бірлесіп, қызметтік тексеру тағайындалды. Тергеу изоляторының емханасы 11 емхана қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің мәліметі бойынша барлық емдік шаралардың бәрі көрілген. Өздерінде белгілер бар”, – деп мәлімдеді Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Ермек Жалғасбаев.

Сот-медициналық сараптама бір айдан соң шығады.

30 жастағы марқұмның артында екі қызы мен 4 айлық ұлы қалды. Ол кенжесін көре алмай, көз жұмды. Қара жамылған отбасы кінәлі адамдардың жазалануын талап етеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Г
Гүлшат 02.12.2023
Мен Байназарова Гүлшат Сагынбеккызы мен Бейбарсы Сүлейменнің Анасы мын Барлық ақпарат құралдарда Тек Инсулин жайлы Айтылуда. Менің балам 8 күн бойы жан сақтау бөлімінде жатты Үйге әкелгенде Ұрып Соғу Азаптау белгілерін көрдім. Ұлымды азаптау себебі Кірпіш заводы Андасбеков Ербол Токтаровичтін Қылмысын мойындату үшін Баламды Азаптады А.Е.Токтарович жайынла Балам СИЗО да сонгы кездесу де айткан. Сол кезде Балам 2 аягына тұра алмай тұрған. Қатты жаныма батқаны Азаптаган мен қоймай Өмір мен Өлім арасында есін жиа алмай жатқанда Жансақтау бөлмесіне Темір тор қойып қасына 3 канвой койып 8 күн Балама жақындатпады Жане де Баламның қайтқанын сол жерде отырып Не Мед Персоналдан емес не СИЗО қызметкерінен емес 1 сағаттан кейін Социальный сеть арқылы білдім.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл