Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Полиция алаяқтардың арбауына түскен зейнеткерге 8000 АҚШ долларын қайтарды
Жаңалықтар

Полиция алаяқтардың арбауына түскен зейнеткерге 8000 АҚШ долларын қайтарды

27.03.2025
1 мин
0
288
Сурет: istockphoto

Көкшетауда полицейлер 89 жастағы степногорлық зейнеткерден ақша алған дроппердің әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

19 наурызда күдікті зейнеткердің үй телефонына қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, оның немересі жол-көлік оқиғасына қатысып, 18 000 доллар төленсе, бес жылға қылмыстық жауапкершіліктен құтылатынын айтқан. Сенімділік үшін алаяқтар немересінің атынан белгісіз әйелге хабарласқызып, ол көзіне жас алып, зейнеткерден ақша сұраған. Алаңдаған әйел сақтығын жоғалтып, алаяқтарға өзінде тек 8000 АҚШ доллары бар екенін хабарлаған. Кейін ақшаны 100 000 теңгемен бірге пакетке салып, оны заттарымен бірге такси жүргізушісіне берген. Ол қылмыстан бейхабар күйде пакетті Көкшетауға жеткізіп, курьерге табыстаған.

Полицияның жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 22 жастағы курьер ұсталды. Ол ақшаны кураторы көрсеткен шотқа аударып үлгермегенімен, такси қызметіне және жеке қажеттіліктеріне 27 000 теңге жұмсаған. 27 наурызда, өзінің туған күнінде, қалған қаражат заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл