Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Польшаның Украинамен шекарадағы Люблин аймағына екі зымыран құлады, деп жазды Lenta.ru.
Зымырандар Люблин қаласының маңындағы Пржеводув қаласына құлап, екі адам қаза тапты. Оқиға болған жерге полиция, прокуратура және әскери қызметкерлер жеткен.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, премьер-министр Матеуш Моравецкий осы оқиғаға байланысты Министрлер кеңесінің ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі комитетін шұғыл жинады.
15 қарашада Украинаның бірнеше аймағында жаппай жарылыстар болды. Нәтижесінде энергетикалық инфрақұрылым объектілері бүлінген және істен шыққан. Түстен кейін бүкіл Украинада әуе дабылы жарияланды.