| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Президент көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды марапаттады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бас қаламызда өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда, бір адам "Парасат" орденінің және 7 азамат "Құрмет" орденінің кавалері атанды. Сондай-ақ 85 азамат "Ерен еңбегі үшін" медалімен, бес адам "Шапағат" медалімен марапатталды.