Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент маман тапшылығы мен инвестиция мәселесін көтерді
Жаңалықтар

Президент маман тапшылығы мен инвестиция мәселесін көтерді

14.11.2025
мин
0
158
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласында кездесіп отырған негізгі қиындықтарға тоқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Президенттің айтуынша, маман тапшылығы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде елеулі кедергі тудырып отыр. Бұл әсіресе егін егу, жиын-терін науқаны және жаңа өндіріс нысандарын іске қосу кезінде байқалады.

Маман тапшылығының бір бөлігі көршілес мемлекеттерден келетін еңбек мигранттары арқылы шешілуде. 

Шаруалар квотаны көбейтуді сұрайды, ал мемлекет бұл талапты ішінара орындауға дайын. 

- Біреулер ауылда жұмыс жоқ десе, енді бірі жұмысшы жетіспейді дейді. Жұмыс бар, бірақ оны істеуге адамдар аз, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвестиция тартудың маңыздылығын атап өтті. Ол озық технологиясы бар шетел инвесторларын елге тарту және оларға тиімді жағдай жасау қажеттігін айтты. 

Үкімет 200-ден астам инвестициялық жобаны дайындап, олардың жалпы құны шамамен 4 триллион теңгеге жетеді. Бұл жобалар барлық деңгейде қолдау көрсетуді талап етеді.

Президент агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың маңыздылығын да ерекше атап өтті.

- Ауыл шаруашылығын толық цифрландыру керек. Барлық шаруашылық цифрлық технологияларды тиімді пайдалану қажет. Мәліметтер сапасын тұрақты бақылау, шешімдерді нақты статистикаға сүйене отырып қабылдау маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл