Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Проблемалы кредиттер бойынша сервистік институт құрылады
Жаңалықтар

Проблемалы кредиттер бойынша сервистік институт құрылады

11.05.2022
1 мин
0
1698

Проблемалы кредиттер бойынша сервистік компаниялар институты құрылады. Бұл туралы стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер туралы заң жобасын талқылау кезінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

«Заң жобасында сервистік компаниялар институтын құру көзделеді. Олар инвесторларға проблемалы кредиттерге қызмет көрсету және басқару қызметтерін іске асырады. Сервистік компаниялар институтын дамыту - стрестік активтердің өтімді нарығын құру үшін қажетті жағдай жасайды», - деді М. Әбілқасымова.

Оның айтуынша, сервистік компаниялар активтерді сенімгерлік түрде басқарады, өндіріп алудың жеке стратегиясын әзірлеп іске асырады және стрестік активтердің иелеріне басқа да қызметтер көрсетеді

«Сервистік компаниялардың функцияларын тиісті тәжірибесі мен құзыреті бар банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге беру ұсынылады. Заңға тәуелді норма аясында сервистік компаниялар үшін капиталдың мөлшері, нарықтағы жұмыс тәжірибесі, мінсіз іскерлік беделінің болуы секілді жоғары талаптар белгіленеді», - дедің агенттік басшысы.

Агенттік белгіленген талаптарға сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізіп, олар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

«Бұл қарыз алушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Себебі аталған ұйымдар Агенттіктің реттеу құзырына жатады», - деді Мәдина Әбілқасымова.

Атап айтқанда, бұл құжат аясында банктердің және микроқаржы ұйымдарының стрестік активтерін жеке инвесторларға сату құқығы беріледі.

 

Желілік маркетинг дегенде сіздің ойыңызға не келеді?
727 адам
Халықты алдау 0%
Опық жеу 0%
Босқа уақыт өткізу 0%
Жеңіл ақша табу 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл