Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Путиннің баспасөз хатшысы Қазақстан туралы айтылған шулы оқиғаға жауап берді
Жаңалықтар

Путиннің баспасөз хатшысы Қазақстан туралы айтылған шулы оқиғаға жауап берді

24.11.2022
1 мин
1
1626

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы елдің мемлекеттік телеарнасында көрсетілген бір топ саясаттанушының Қазақстанға қатысты даулы мәлімдемесіне жауап берді.

Қазақстандық журналист Әділ Балтабаев Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сауал қойды. «Россия-1» мемлекеттік телеарнасындағы саяси ток-шоуда айтылған Қазақстанға қатысты мәлімдеме Кремльдің ұстанымымен қаншалықты ұқсас екенін сұрады. Журналист ресми жауапты өзінің Телеграм-арнасында жариялаған.

«...Бұл саясаттанушылардың пікірі үкіметтің, Кремльдің саяси ұстанымын білдірмейді. Оларды тыңдап, көрудің қажеті жоқ», - деді Песков.

Дмитрий Песковтың айтуынша, әртүрлі адам бар, көзқарасы да әртүрлі. Алайда олардың ресми билікке ешқандай қатысы жоқ.

Еске сала кетейік, Ресейдің «Россия-1» телеарнасындағы «Владимир Соловьевпен» бағдарламасында сарапшылардың бірі Ресей үшін Украинадан кейінгі мәселе – Қазақстан екенін айтқан. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Л
Лсура 24.11.2022
Орыстар оттапты
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл