Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қандай себептермен азаматтардың банкроттыққа берген өтінімі қабылданбайды
Жаңалықтар

Қандай себептермен азаматтардың банкроттыққа берген өтінімі қабылданбайды

05.11.2024
1 мин
0
810
Сурет: kursiv.media

Dauletten.kz сайты қандай себептермен азаматтардың банкроттыққа берген өтінімі қабылданбайтыны туралы ақпарат ұсынады.

5 қарашада Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов брифингте қазақстандықтарға банкрот деп тану рәсімінен қандай себептермен бас тартылғанын айтты.

Спикердің айтуынша, 17,9 мың азамат банкрот деп танылып, жалпы қарыз сомасы 40,9 млрд теңгені құраған.

- Статистикаға келер болсақ, 2023 жылдың 3 наурызында соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға 131 мыңнан астам өтініш түсті, ал мемлекеттік кірістер органдарында 6,6 мың өтініш қаралуда. Рәсім 8,4 мың азаматқа қатысты жүргізілуде, 1,9 мың азаматқа қатысты рәсім тоқтатылды, 215 өтініш иесі өтініштерін қайтарып алды, - деді Сейілжан Ахметов.

Оның айтуынша, 96 мың өтінішке банкроттық рәсімін қолданудан бас тартылған. Сондай-ақ, бас тартудың себептері банкроттық рәсімінің талаптарына сәйкес келмеу екенін атап өтті, атап айтқанда:

    •    69 мың өтініш – 12 ай мерзімінің өтіп кетпеуі;

    •    42 мың өтініш – қаржы ұйымдары тізімінде несие берушілердің болмауы, олар соттан тыс банкроттыққа жатады;

    •    39 мың өтініш – мүліктің болуы;

    •    28 мың өтініш – несие берушімен келіссөз жүргізілгенін растайтын құжаттың болмауы;

    •    8,9 мың өтініш – қарыз сомасы 1600 АЕК-тен асуы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл