Қаңтардан бастап 33 өнімнің бағасы қадағаланады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаңтар айынан бастап елде бірқатар азық-түлік бағасына мемлекеттік бақылау енгізіледі. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізімі уақытша түрде кеңейтілмек. Бұған дейін 19 тауар болған тізім 33 атауға дейін ұлғайып, оның қатарына қызанақ, қияр, жылқы еті мен қара шай да қосылды.
Министрдің сөзінше, тиісті бұйрыққа қол қойылады және ол 6 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бағаға бақылау шаралары бір тоқсан бойы жүргізіледі. Егер нарықтағы жағдай тұрақталмаса, бұл талаптардың мерзімі ұзартылуы мүмкін. Сонымен қатар сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы тиіс.