Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Қара тізімге» енген 1,5 млн азамат несие ала алмай жүр
Жаңалықтар

«Қара тізімге» енген 1,5 млн азамат несие ала алмай жүр

29.04.2021
1 мин
6
3148

Елімізде 1,5 миллионнан аса азамат жаңа несие рәсімдей алмай жүр. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтты.

Ол ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында банк пен түрлі несие беру ұйымдары тарапынан берілетін қарыз бойынша өзгерістерді талқылау барысында ел азаматтарының жағдайы туралы атап өтті.

«Несие мәселесі бойынша екі кредиттік бюро жұмыс істеуде. Бүгінде ол ұйымда 6,7 миллион азаматтың мәліметі сақталған. Қарыз алушылар арасында 1,5 миллион адам несиесін төлегенмен, оларға «нашар несие тарихы» белгіленген. Яғни, ол азаматтар қарызды 90 күн өткеннен кейін кешіктіріп төлеген», - деді ол.

Оның айтуынша, дәл осындай статус белгіленген адамдар банктер мен несие беретін ұйымдардан қайта несие рәсімдей алмай жүр. Ресми ақпаратқа сүйенсек, 489 мың азамат 5 жылдан астам уақыт бұрын қарызды кешіктірген, ал несиені 7 жыл бұрын - 346 мың және 10 жыл бұрын - 107 мың адам кешіктіріп төлеген. Сол себепті нашар несиелік тарихы бар азаматтарды тізімнен сызуды 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарту экономикалық және әлеуметтік жағынан қоғамға әсер етеді. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
Г
Гулжанат 29.04.2021
Мен 2020нын ноябрьнде барлык кредит жаптым кредитнный история алдым еговтан просрочка деп тур озгермеген. Бирак жил строй банкке барып сурасам положительный болып тур ,ягни кредит бериледи дит . Соны калай тусинуге болады.
Жауап беру
Ж
Жасулаг 29.04.2021
Бұл адамды алдау.Қазір билік не істеп отырғанын өздері білмейді.Барып кел,шауып кел деген құйтырқы әрекетке көшкен.Яғни бұл пияр жасап халықтың басын қатыру. Халық назарын осылай алдап басқа жаққа аудару.Банкее бардым өзім үкімет оттай береді деді,содан цонға бардым олар бұл туралы мәлімет мүлде білмейтін болып шықты.Одан кредит бюроға қоңырат шалдым, олардың әңгімесі қара тізімге кірсеңіз база да 10 жыл сақталады.Бізде тек 90 күн төлей алынғандарды кешіре аламыз деді.Енді осыдан білуге болады халықты бұл сандалту,сау адамды ауру қылып жүрген үкімет өтірік алдаудан оскор беретін болса біздің билік алады деген соз. Халқым ешқандай әңгімеге,банкке сенбеңіздер.Өзізге,отбасыңызға сеніңіздер. Мұны не үшін айтып отырмын жұмыла көтерген жүк жеңіл,сол үшін отбасыларыңыздың ауыз біршілігін,ұйымшыл болыңыздар.Отбасы банк емес отбасы бірігіп бір арнаға қаражат жинақтап менікі- сенікі демей бір ауыздан отбасы жоспарын құрыңыздар.Мысалы үйдің үлкенінде үй жоқ болса 3 жыл уақыт осы үлкеніне үй алайық,сосын екінші балама деген сияқты.Бәрі бір банк үш жылсыз керек десеңіз оданда көп уақыт жоғалтасыздар.Оның пайызы және 15 жыл төлеу өте отбасы тұрақты жақсы болуына кері әсерін тигізеді.Үкіметтен қайыр жоқ,сол үшін жұдырықтай жұмылып ауыз біршілікпен осылай жасаңыздар.Тағы бір мысал бір адам 3 жылда 3 мил жинайды үйге,отбасы бірігіп 5 адам жұмыс істесе 3 адам айлығын жинап үйге, екі адам айлығын үйге керек заттарға жинасаңыз,сонда үш адамның айлығы 450 000×12 ай=5400000+36 ай= 1620000 тенге 3 жылда жиналады.Примерно осылай зато 15 жыл төлеп жүрмейсіз.15 жылда бірігіп 5 балаңыз болса 5 үй аласыз.Бұл үкімет халықты біріктіру емес іріткі салу.Қазақтың басын қосу емес берекетін кетіру.Сол үшін мықты болу отбасынан тәрбиеден,ауыз біршілік,ұйымшыл болу керек.Мен банкке де үкіметкеде сенбеймін.Ипотекаға алған үйді тегін беріп жатқандай жарнамалап,ақпарат таратып әкім қаралалар,үкімет отчеттеріне ұялмай айтып тұрады.Ол үйдің сапасы да оңып та тұрған жоқ.Өздеріңе сеніңдер,бір болайық,ең басты құндылық отбасын материалдық жағдайға бола бұзбаңыздар.Берік,бір-бірлеріңізге сенімді болыңыздар.Ауыз біршілікте болайық ағайын.
Жауап беру
Л
Ляззат 30.04.2021
Керемет.. Өте дұрыс... Отбасында ауыз біршілік мол болса бәріде болады, менде үкіметке жоғарыдағыларға сенбеймін.
Жауап беру
А
Айман 29.04.2021
Менің соттың шемімен еңбек ақымнан стап оттыр 500 мың алғам бір жарым милионғып қайтарып жатырмын онкоболной мын көмектесіңіздерші
Жауап беру
Ж
Жулдыз 29.04.2021
Неге 1,5 миллион халықтың несие тарихы туралы алып тасталынды деп айтып жатыр өз өздерін көрсету үшін бе жәй халықты алдау ма ,онсызда халық жетісіп жүрген жоқ . Халықты осы кредит деген былыққа батырған биліктегілер өйткені о баста кредитті жарнама жасамау керек еді. Халық мұқтаждықтан алды баспаналары жоқ, жағдайы жоқ, жұмыс жоқ деп шырылдап жүрген қаншама осы бастаманы айтып жатыр екен бүкіл халықтың кредит тарихын алып тастап томенгі пайызбен баспана алуга мүмкіндік жасасын
Жауап беру
Н
Наргиза 29.04.2021
Ия несие алу өте қиын қара тізімде болсаң вапще бермейді
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл