487.01
557.87
6.59
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарағанды облысында бір қорғаннан екі тарихи дәуірдің жерлеу орындары табылды
Жаңалықтар

Қарағанды облысында бір қорғаннан екі тарихи дәуірдің жерлеу орындары табылды

22.06.2026
мин
0
81
Сурет: ortcom.kz

Қарағанды облысының Абай ауданында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында ерекше тарихи жаңалық ашылды. Ғалымдар бір қорғанның ішінен қола және ерте темір дәуіріне тиесілі екі түрлі жерлеу орнын анықтап, құнды жәдігерлерге қол жеткізді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Құлайғыр ауылының маңындағы Құлайғыр-1 қорымында жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде бірнеше ғасыр аралығын қамтитын екі тарихи кезеңнің жерлеу орындары табылды. Зерттеу жұмыстары Қарағанды облысының тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының тапсырысы бойынша жүзеге асырылған.

Мамандар зерттеген қорғанның орталық бөлігінен ерте темір дәуіріндегі Тасмола мәдениетіне жататын жерлеу орны анықталды. Археологтардың мәліметінше, марқұм сол кезеңге тән дәстүр бойынша жерленген. Қазба барысында қола айна, белдік әшекейінің бөлшектері және адам сүйектері табылған.

Зерттеу барысында бұдан да көне кезеңнің ізі анықталды. Қорғанның төменгі қабатынан біздің дәуірімізге дейінгі XVIII–XVI ғасырларға жататын Нұра мәдениетінің жерлеу орны аршылып, онда кремация рәсімі қолданылғаны белгілі болды. Өртенген сүйек қалдықтары арнайы тас құрылымның ішінен табылған.

Сонымен қатар археологтар геометриялық өрнектермен безендірілген қыш ыдыстардың сынықтарын, қола қапсырма мен басқа да көне бұйымдарды анықтады. Мамандардың айтуынша, бір қорғаннан екі түрлі тарихи дәуірдің жерлеу орындарының табылуы – археологияда сирек кездесетін құбылыс.

Қазба жұмыстарының далалық кезеңі аяқталды. Енді барлық табылған артефактілер зертханалық зерттеуден өтіп, ежелгі Орталық Қазақстан тұрғындарының өмір салты мен жерлеу дәстүрлері туралы жаңа ғылыми деректер алуға мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл