Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жоғалған бала төрт сағат бойы іздестірілді. Кішкентай тұрғынды іздеуге 400-ден астам атсалысты, - деп хабарлайды Dauletten.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияға баланың жоғалып кеткені туралы 3 қазан күні кешкі уақытта хабарлаған. Петровка ауылының бес жасар тұрғыны Бұқар Жырау аудандық полиция басқармасының бүкіл ұжымын, ТЖД қызметкерлерін, ауылдастарын аяқтан тік тұрғызған. Жоғалған баланы төрт сағат бойы 400-ден аса адам иттермен іздеген. Іздеушілердің жұмысы қараңғы түсіп кеткеннен кейін қиындаған, олар әртүрлі нұсқаларды қарастырып, баланы барлық жерден іздеген. 4 сағатқа созылған іздеуден кейін бала туған ауылынан 1 шақырым қашықтықта даладан табылған.
- Іздеу жұмыстарына барлығы 400-ден аса адам қатысты. Баланы Петровка ауылынан бір шақырым жерде ауыл тұрғындары мен полиция қызметкерлері тапты. Бұқар Жырау аудандық полиция басқармасының басшылығы іздеуге қатысқан барлық жанашыр азаматқа жедел көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді, - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.